Шілденің бірінші онкүндігінде еліміздің солтүстігінде жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына көбінесе қанағаттанарлық жағдай болған. Егістіктерді жаппай арамшөптерге қарсы гербецидтермен өңдеуде.
Батыс облыстарда жаздық бидай бақыланатын учаскелерде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» – «дәннің сүттенуі», ерте себілген егістіктерде – «толық пісу» фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.
Солтүстік облыстарда жаздық бидай дақылдарында тегіс «түтікке шығу» - «масақтану» кезеңдері байқалған, бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, кейбір учаскелерде өте жақсы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Вознесенка агропостының маңайында бидай егістігінің шегірткемен зақымдануы (табын емес) 10% дейін болған, зақымдану байқалған ауданның 5% құрайды.
Елдің шығысы мен орталығында жаздық бидай дақылдарында себу мерзімдеріне байланысты «төменгі сабақ түйіннің пайда болуы» - «дәннің сүттенуі» даму кезеңдері байқалған. Бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы.
Оңтүстік аймақтарда жаздық арпаның жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Даму кезеңі «дәннің сүттенуі» - «толық пісу», кейбір жерлерде арпа жинау жұмыстарына кіріскен.
Шілденің бірінші онкүндігінде елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде күздік бидай себілетін аудандарда астықтың толық пісуі үшін қолайлы жағдайлар болған. Бақылау учаскелерінде күздік бидай «дәннің уыздануы» - «толық пісу» фазаларында болған. Бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы, егін жинау науқаны басталған.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (күріш, дәнді жүгері, қант қызылшасы, мақта, соя) өте жақсы және жақсы. Жүгеріні вегетациялық суаруға және қант қызылшасын тез өсіретін реттегіштермен өңдеуге кіріскен.
Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында картопта «гүл шоғырларының пайда болуы» -«гүлдену» кезеңдері байқалған. Вегетациялық суару, сондай-ақ картоп түйіндерін қолмен өңдеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыс сапасы жақсы.
Жеміс дақылдарының жағдайы (шие, алмұрт, алма ағашы) тегіс жақсы, жаппай шие жинау науқаны байқалған.
Елдің оңтүстігінде жоңышқа мен беде шөптерінің 2-ші шабылуы жалғасуда, шөптердің жағдайы жақсы.
Өткен онкүндікте орын алған ауа-райы мал жаюға қолайлы болған. Ветеринариялық іс-шаралар жалғасуда, шөптерді жинау, қыстақтарға жем тасымалдау, малдарды жайылымға айдау жүргізіледі.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Жайылымдардың жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында көбінесе құрғақ және дымқыл жағдайы байқалды.