Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді, олармен жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, екпінді жел күтіледі, 18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. 18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық күтілуде.