Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы 5970 км құрайды, оның 2320 км Қазақстанға тиесілі, Ресейге – 695 км, Түрікменстанға – 1200 км, Иранға – 724 км және Әзірбайжанға – 955 км тиесілі. Жабық су қоймасы ретінде Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай ұзақ мерзімді, жыл сайынғы және маусымдық ауытқуларға ұшырайды.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізінің деңгейіне болжам жасайды. Алдағы аптада солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы минус 28,07 м белгі шамасында, минус 27,75 м ең жоғары белгіге дейін көтеріліп, минус 28,75 м ең төменгі белгіге дейін төмендейді деп күтілуде. 16-21 шілде аралығында Пешной метеостанциясы ауданында теңіз деңгейі қауіпті белгіден төмен түседі деп күтілуде.
Каспий теңізінің ортаңғы бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,89 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,43 м дейін төмендеп, минус 28,18 м белгісі шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 9-14 шілде кезеңіндегі Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі өткен аптаның болжамына сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 13 шілдедегі ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kk/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.