Қазгидромет тамыз айынының алдын-ала құрғақшылық болжамын шығарды

IconЖарияланды 24.07.2023

Тамыз айының алдын-ала болжамына сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде ылғалданду жағдайлары көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде.

Бірқалыпты құрғақшылық күтіледе:

Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарында,

Қостанай облысында Арқалық қаласының маңайында,

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында,

Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында,

Жамбыл облысының Қордай және Жуалы аудандарында,

Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында.

Түркістан облысының Жетісай және Қазығұрт аудандарында.

Қатты құрғақшылық орын алуы мүмкін:

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында,

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында,

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында.

Бірқалыпты ылғалды болады Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Казталов және Тасқала аудандарында.

Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз