Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Нақты болжамға сәйкес қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, 2023 жылы жаздық бидайдың өнімділігі көбінесе орташа көпжылдық шамада болады деп күтілуде.
Нормадан төмен өнімділік күтіледі:
Қостанай облысының Меңдіқара, Қарабалық, Ұзынкөл және Федеров аудандарында;
Павлодар облысының Ертіс, Шарбақты, Успенка, Железин, Тереңкөл және Павлодар аудандарында;
Ақмола облысының Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Бурабай аудандарында және Біржан Сал атындағы ауданда;
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында;
Абай облысының Үржар ауданында;
Нормаға жуық өнімділік күтіледі:
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында және Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарының басым бөлігінде;
Батыс Қазақстан Облысының Тасқала ауданында бидай өнімділігі нормадан жоғары деп болжануда.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ үнемі ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланады.