Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,79 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,57 м-ден 29,26 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,99 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,70 м-ден 29,20 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 10- 16 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,82 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,38 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,20 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,96 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,63 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,30 м-ге сәйкес келді.