Биыл күнтізбелік мерзімімен күз келеді. Қыркүйектің алғашқы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ жауады, ауа температурасының төмендеуі сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын және жылбысқы қар түрінде жаууы мүмкін. Ауа райының тұрақсыздық ықпалы бүкіл республиканы қамтитын терең циклонға байланысты.
Ал батыс облыстарда атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Айдың басында Қазақстан Республикасының батысында, одан кейін солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы болжанады:
республиканың батысында түнде +7+18°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +28+35°С-қа дейін; солтүстік-батысында (Қостанай облысы), республиканың солтүстігінде түнде +2+10°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +20+25°С-қа дейін. Ақтөбе облысында түнде +3+13°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +20+28°С-қа дейін жылы болады.
Қазақстан Республикасының орталық және оңтүстік аймақтарында ауа температурасының ауытқыу күтіледі.
орталықта - түнде +7+15°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін;
оңтүстікте – түнде +5+15°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +23+30°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста - түнде +8+15°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +17+23°С-қа дейін, облыстың таулы бөктерінде түнде +15°С- тан +12°С-қа дейін;
шығыста - түнде ауа райы төмендейді +5+15°С-тан +2+10°С-қа дейін, ал күндіз ауа температурасының ауытқуы болады +20+27°С-тан +17+22°С-қа дейін, облыстың таулы бөктерінде түнде +15°С- тан +12°С-қа дейін;
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды, 3°С-қа дейін үсік мүмкін деп күтілуде, күндіз +18+27°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды. Республиканың оңтүстік жартысында біршама жылы, кей күндері күндіз ауа температурасы +20+25°С-тан +28+33°С-қа дейін жылынады;
Жалпы ауаның орташа айлық температурасы Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде норма шамасында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысының солтүстік-батыс жартысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының қиыр солтүстік-батысында нормадан 1°-қа жоғары болады деп күтілуде.
Қыркүйек айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Қазақстанның оңтүстік-батысында, орталықта, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нормадан аз болады деп болжануда.