Тамыздың үшінші онкүндігінде Қазақстанның негізгі астық егетін аймағының басым бөлігінде байқалған мол жауын-шашын, егін жинау жұмыстарының қарқынын төмендеткен.
Республиканың солтүстік жартысында дәнді дақылдар егістіктерінде көбінесе «толық пісу», жеке учаскелерде «дәннің уыздануы» даму кезеңдері байқалған. Егіс жағдайы өте жақсы және жақсы, Ақмола және Павлодар облыстарының жеке учаскелерінде қанағаттанарлық.
Алматы облысының тау бөктерінен басқа, оңтүстік облыстарда жаздық дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталды.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (дәнді жүгері, күріш, қант қызылшасы, соя, мақта) өте жақсы және жақсы, күрішті жинау жұмыстары бастады, қызылша дақылдарында вегетациялық суару жалғасуда.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бақылау учаскелерінде күнбағыс «гүлдену» және «егін жинау пісуі» фазалары байқалған. Күнбағыстың жағдайы көбінесе жақсы, кей жерлерде өте жақсы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жеке учаскелерінде қанағаттанарлық.
Алматы, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп екпелерінде «пәлектің солуы» кезеңі байқалған, жеке учаскелерде егін жинауға кіріскен. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы жеміс дақылдары бақшаларында (алма, алмұрт, таңқурай) көбінесе «жемістің қалыптасуы» – «жемістердің пісуі» даму кезеңдері байқалған, алма ағашын жаппай жинау жалғасуда. Дақылдардың жай-күйі көбінесе жақсы.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жаю барлық жерлерде жүргізілген. Шөптерді жинау, тасымалдау және маялау жалғасуда, Атырау облысының Құрманғазы ауданында және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында қой қырқу жұмыстары жүргізілуде.
Жайылымдық шөптердің жағдайы көбінесе жақсы, кей жерлерде қанағаттанарлық. Шөптің өте жақсы болған Алматы облысының Балқаш ауданында (Ауыл №4 станциясы), Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында (Талшық станциясы).
Жайылымдар әлсіз, кейбір аудандарда орташа тапталған. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қатты тапталған.
Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында шымның құрғақ жағдайы байқалған, оңтүстік-шығыстағы және орталықтағы кейбір жайылымдарда дымқыл шым байқалған.