AirKZ мобильді қосымшасының жұмысы туралы

IconЖарияланды 21.07.2020

«Қазгидромет» РМК елорда тұрғындары мен AirKZ мобильді қосымшасын пайдаланушыларды № 8 атмосфералық ауаның ластануын бақылау бекетінің уақытша жұмыс істемейтіндігі туралы хабардар етеді.

Аталған бекет Көктал-1 ауданында Бабатайұлы көшесі, 24 үйде, № 40 мектеп аумағында орналасқан. Мектеп аумағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, құрылыс техникасымен электр кабелі зақымдалып, бұл электр энергиясының ажыратылуына әкелді. Бұл ауданда атмосфералық ауаның сапасы бойынша мәліметтер уақытша қол жетімді емес. Техникалық жұмыстар және ақауларды жою апат орнында жүргізілуде.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз