Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,83 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,52 м-ден 29,22 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,05 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,69 м-ден 29,47 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,96 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,62 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,19 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,04 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,71 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,41 м-ге сәйкес келді.