2023 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Астанаға Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросының (BRGM) жоба үйлестірушісі Оливье Фрезо және Азия бойынша жоба менеджері Стефан Урбан келді. Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің жобасы аясында Францияның Қазақстандағы елшілігі 2023 жылы Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару саласындағы құзыреттерді дамыту және француз тәжірибесін ілгерілету бойынша бірқатар оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарларға «Қазгидромет» РМК қызметкерлері белсенді қатысты.
Француз тарапы өкілдерінің бүгінгі сапары су ресурстарын басқару жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының алғашқы алты айдағы нәтижелерін бағалауға, сондай-ақ жаңа ынтымақтастықтың келешегін талқылауға бағытталған.