Алдағы күндері ауа-райының тұрақсыз сипаты елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де сақталып тұр, найзағай мен екпінді жел болып, бұршақ жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады деп болжануда.
21 қыркүйекте оңтүстікте, 21-23 қыркүйекте, шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжануда. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.Ауа температурасы күндіз республиканың батыс облыстарында 24-30-ға дейін, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін көтеріледі, республиканың солтүстігінде 10-16-ға дейін төмендейді, орталықта негізгі фон 10-23 жылы, шығыста 10-15-ке дейін төмендейді, оңтүстікте 20-28-ге дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста 12-22-ге дейін , таулы аудандарында 2-10 жылы градусқа дейін төмендейді.