Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,82 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,40 м-ден 29,31 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,07 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,63 м-ден 29,51 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 14 – 20 қыркүйек аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,91 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,48 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,39 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,07 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,72 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,49 м-ге сәйкес келді.