Қыркүйектің екінші онкүндігінде Қазақстанның басты егін себілетін аймақтарының басым бөлігінде бұрынғысынша мол жауын-шашынның жаууы байқалған, бұл егін жинау жұмыстарын жүргізу қарқынын төмендеткен.
Республиканың солтүстік жартысында жаппай бидайды жинау науқаны жалғасуда.
Республиканың оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда егіс жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Алматы облысының бақылау учаскелерінде (Ұзынағаш станциясы) күздік бидай егуге кіріскен, дала жұмыстарының сапасы жақсы.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (дәнді жүгері, күріш, қант қызылшасы, соя, мақта) өте жақсы және жақсы. Дәнді жүгері, күріш және қант қызылшасын жинауға кіріскен.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бақылау учаскелерінде күнбағыс «пісіп-жетілу» және «егіндік пісу» фазалары байқалған. Күнбағыстың жағдайы көбінесе жақсы, кей жерлерде өте жақсы, Қостанай және Павлодар облыстарының жекелеген учаскелерінде қанағаттанарлық. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында (Каменка станциясы) күнбағысты жинауға кіріскен.
Алматы, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп екпелерінде «пәлектердің солуы» кезеңі байқалады, жекелеген учаскелерде егін жинауға кіріскен. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жеміс дақылдары бар бақтарда (алма, алмұрт, таңқурай) көбінесе «жемістердің пісуі» даму кезеңі байқалады, алма, алмұрт және таңқурайды жаппай жинау жалғасуда. Жеміс дақылдарының жағдайы көбінесе жақсы.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жайылымы барлық жерде жүргізілген. Шөптерді жинау, тасымалдау және маялау жалғасуда, Атырау облысының Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында қой қырқу жұмыстары жүргізілуде.
Жайылымдық шөптердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық.
Жайылымдар әлсіз, кейбір аудандарда орташа тапталған. Ақтөбе облысының Ырғыз және Қобда аудандарында, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында және Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қатты тапталған. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында шымның құрғақ күйі байқалды, батыстың, оңтүстік-батыстың және оңтүстік-шығыстың кейбір жайылымдарында шымның дымқыл болуы байқалған.