ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Аралтөбе аралында үйректердің өлімі туралы инстаграм желісінде видеоның пайда болуына байланысты келесіні хабарлайды.
2020 жылдың 20 шілдесінде «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының зертханасының мамандары Қабанбай кентінде және Емел гидробекетінен 20 км төмен (Алакөл көлімен қосылған жерде) Алакөл көлінің жер үсті суларының сынамаларын жоспарлы түрде іріктеп алды. Іріктелген сынамаларды талдау нәтижелері 2020 жылғы 23 шілдеде, ал оттегін биохимиялық тұтыну нәтижелері 2020 жылғы 25 шілдеде дайын болады.
Алакөл көлі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында орналасқан. Көл ағынсыз, ащы-тұзды. Жағалау сызығының ұзындығы 348 км, ауданы 2696 шаршы км.
Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, Аралтөбе шағын арал ауданында жабайы қаздың 9 балапаны қаза тапқан.