Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2023 жылдың қыркүйек айы жаңбырлы ауа-райымен есте қалды. Атмосфералық жауын-шашын бойынша рекордтар байқалып, бір тәулік ішінде метеорологиялық станцияларда екі және одан да көп айлық норма түсті. Мәселен, 3 қыркүйекте Қостанай облысындағы Железнодорожный метеостанциясында 31 мм (айлық норма 17 мм), 4 қыркүйекте Ақмола облысындағы Аршалы метеостанциясында 40 мм (норма 21 мм), 10 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Сам метеостанцияда 15 мм (айлық норма 7 мм), ал Бейнеу метеостанциясында 25 мм (норма 5 мм), яғни нормадан 5 есе көп, сондай-ақ осы күні Қызан метеостанциясында 13 мм (айлық норма 6 мм) жауын-шашын жауды. 15 қыркүйекте Атырау облысындағы Махамбет метеостанциясында 26 мм (норма 13 мм), 20 қыркүйекте Қарағанды облысындағы Бектауата метеостанциясында 15 мм (норма 6 мм), 11 қыркүйекте Ақтөбе облысындағы Ырғыз метеостанциясында 4,5 есе көп - 27 мм жауын-шашын (айлық норма - 6 мм), Қарабұтақ метеостанциясында 28 мм (норма 14 мм) жауды, ал 21 қыркүйекте Абай облысындағы Аягөз метеостанциясында жауын-шашын мөлшері 37 мм-ді (айлық норма 13 мм) құрады. Шығыс Қазақстан облысында 25, 26 қыркүйек күндері жауын-шашын (жаңбыр, қар), кейде оның қатты жауғаны байқалды, Марқакөл метеостанциясында 19 мм (айлық норма 54 мм), Риддер метеостанциясында 21 мм, Үлкен-Нарын метеостанциясында 34 мм (айлық норма 39 мм), Қатонқарағай метеостанциясында 34 мм (айлық норма 41,7 мм) жауын-шашын жауды.
Атмосфералық жауын-шашын бойынша рекордтан басқа, айдың соңында ауа температурасы төмендеген кезде аяз байқалды: Қарағанды облысында
25 қыркүйекте түнде 1°С-қа дейін, 27 қыркүйекте түнде Абай облысында 3°С-қа дейін жетті.
Сонымен қатар, айдың ішінде елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жел байқалды, атап айтқанда, Достық автоматты метеорологиялық станциясында (Жетісу облысы) желдің екпіні 30-39 м/с, 11 қыркүйекте Таукент АМС-да (Түркістан облысы) 33 м/с дейін жетті.
Метеорологиялық бақылауларға сәйкес, Астана қаласында ең төмен ауа температурасы 24 қыркүйекте түнде тіркеліп, +3,5°С құрады, ал ең жоғары ауа температурасы 9 қыркүйекте +24,6°С шегінде байқалды.
Жалпы алғанда, айдың ішінде 3 айлық норма - 63 мм жауын-шашын (айлық норма - 21 мм) жауды. Тек қана бір күннің ішінде 12 қыркүйекте қалада бір айлық нормаға жуық жауын-шашын жауып, көлемі 25 мм құрады.