ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК 2020 жылға арналған жүгері мен қант қызылшасының өнімділігіне болжам дайындады.
Алдын ала алынған есептеу деректері бойынша және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы облысында жүгерінің астыққа шығымдылығы орташа көпжылдық мәндер шамасында, Жамбыл облысында көбінесе төмен, ал Түркістан облысында – орташа көпжылдық мәндер шегінде күтілуде.
Алматы және Жамбыл облыстарында қант қызылшасының өнімі орташа көпжылдық мәндерден жоғары болады деп күтілуде.
Болжам профессор Полевой А.Н. динамикалық моделінің негізінде жасалған және консультативтік болып табылады. Болжамдық модель 2019 жылы Қазақстанның оңтүстік облыстары үшін бейімделген және ағымдағы жылы өндірістік сынақтардан өтуде.
Дақылдар бойынша өнімділіктің соңғы болжамы тамыз айында ұсынылатын болады.
Онкүндік агрометеорологиялық жағдайларға қысқаша шолу сайтта ұсынылған https://www.kazhydromet.kz/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy