2023 ж. 12 – 17 қазан аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 13.10.2023

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,81 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,31 м-ден 29,45 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,07 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,67 м-ден 29,54 м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2023 ж. 5 – 11 қазан аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 29,01 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,37 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,40 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,08 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,68 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,74 м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз