2020 жылғы 15 шілдедегі нәтижелер ШЖШ-дан төмен шоғырлануды көрсетті

IconЖарияланды 23.07.2020

«Қазгидромет» РМК тұрақты түрде Алматы қаласының атмосфералық ауасының құрамында бенз(а)пиренді анықтау бойынша іріктеу және талдау сынамаларын жүргізеді.

Алматы қаласының атмосфералық ауасының бенз(а)пирен құрамын анықтау бойынша сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері 2020 жылғы 15 шілдеде ШЖШ-дан төмен концентрацияны көрсетті (елді мекендердің ауасындағы орташа тәуліктік ШЖШ = 0,001 мкг/м3).

Сынама алу келесі 5 нүктеде жүргізілді:

- Амангелді к-сі., Сәтпаев көшесінің қиылысы; 

- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы; 

- Айнабұлақ-3 шағын ауданы;

- Ақсай-3 шағын ауданы, Маречека к-сі., Б.Момышұлы көшесінің қиылысы;

- Тастақ-1 шағын ауданы, Төле би к-сі., 249.

Бенз(а)пиреннің нақты шоғырлануы 0 – 0,0003 мкг/м3 құрады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз