Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Атмосфералық фронттардың бірнеше жүйесі бар терең және белсенді Солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындап келе жатқанын еске салады. Ауа-райының тұрақсыз сипаты қатты жел, көктайғақ құбылыстары, жауын-шашын жаңбыр мен қар түріндегі кезең ішінде сақталады. Барикалық алқаптардың тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температураның қысқа мерзімді жоғарылауына әкеледі, бірақ кезеңнің соңында Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында салқындауға әкеледі. Мәселен, республиканың батысында түнгі сағаттарда температура 6 аяз-3 жылыға дейін, солтүстік-батыста 0-7 аязға дейін төмендейді, елімідің солтүстігінде 5 аяз-5 жылы күтіледі.