Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2023 жылғы 20 қазанда Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Жайық (Орал) және Ертіс өзендерінің бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы іс-шараларын іске асыру жөніндегі сарапшылардың жұмыс тобының отырысына қатысты.
Бірыңғай жол картасының жұмыс кестесі шеңберінде «Қазгидромет» РМК өкілдері орындалатын жұмыс түрлеріне қатысты баяндамалар жасады.
Екіжақты кездесу барысында сарапшылар Жайық және Ертіс өзендерінің бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы іс-шараларын іске асыру мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар 2024-2025 жылдарға арналған сараптамалық зерттеулер жүргізу кестесін келісті.