2023 жылғы 24 қазанда Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. ЖОО өз түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін осындай іс-шараларды өткізеді.
«Қазгидромет» РМК өз кезегінде - еліміздің ірі жоғары оқу орнының тұрақты әріптесі.
Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінде ЕҰУ-дың 100-ден астам түлегі жұмыс істейді, олар - экологтар, гидрологтар, IT-мамандары, экономистер және қаржыгерлер.
Еліміздің барлық өңірлерінде "Қазгидромет" РМК-нің 15 филиалы бар. Жыл сайын ондаған студент Қазгидрометте кәсіби тәжірибеден өтеді.