Күздің соңғы айының басталуы әлі жылы күндермен қуантады. Елдің басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі. Қараша айының басында республиканың батысы мен оңтүстігінде, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Температура фоны келесі шектерде өзгереді:
Елдің батыс аймақтарында әлі де жылы, ауа температурасының негізгі фоны түнде +2+10°С, күндіз +12+18°С;
ҚР солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) ауа температурасының түнде 0,+8°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +7+12°С, облыстың оңтүстігінде +15°С-тан, +5+10°С-қа дейін ауытқуы күтіледі;
Қазақстанның солтүстік жартысында, орталығында, шығысында - түнде -5+2°С-тан, +3+8°С-қа дейін, күндіз +3+12°С-тан -2+3°С-қа дейін.
Оңтүстік өңірлерде - түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін ауытқиды, күндіз ауа температурасы +8+13°С-тан +12+17°С-қа дейін, жекелеген күндері +20°С-қа дейін жылынады.
Қарашаның бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндігінің басында антициклонның әлсіреуімен ауа райы жылынады.
Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде, жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел кезең ішінде болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері жаяу бұрқасын болуы мүмкін, ҚР аумағы бойынша көктайғақ құбылыстары мен тұман болуы мүмкін.
Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады, термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді:
ҚР солтүстік жартысында - түнгі уақытта -15-22°С дейін, күндіз -5-13°С дейін;
елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында – түнде -3-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін.
Екінші және үшінші онкүндіктердің ең жылы күндері Иран мен Жерорта теңізінің аудандарынан жылы ауа массаларының әсерінен күн жылынады:
солтүстік жартысында күндіз +3+10°С дейін;
республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін.
Қараша айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, Жетісу облысының оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында норма шамасында күтілуде. Қарашада жауын - шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжануда.