Бұған дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Алакөл көлінде жабайы құстардың өлгені туралы анықталған фактіге байланысты, 2020 жылдың 20 шілдесінде «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандарымен Алакөл көлінің су сынамалары алынып, 41 ингредиент бойынша химиялық талдау жүргізгендігін хабарлады.
Балық шаруашылығынан басқа, су пайдаланудың барлық санаттары үшін қолданылатын су объектілеріндегі Су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес, келесідей заттар: магний, хлоридтер, минералдану бойынша асып кету тіркелді.
Магний концентрациясы – 316 мг/дм3, хлоридтер – 748 мг/дм3, минералдану – 4946 мг/дм3. Хлоридтер мен минералданудың нақты концентрациясы фондық кластан аспайды, ал магний фондық кластан асқан.
Алакөл көлі бойынша су температурасы 27-28,6 ºC деңгейінде болды, сутегі көрсеткіші 8,29-8,97, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 7,55-7,67 мг/дм3, түсі 9-17 градус, иісі – 0 балл.
Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде 5 тәулік бойы орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну 5» талдау нәтижелері ұсынылатын болады.