Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін циклонның ықпалында болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі: қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 23-24 қарашада солтүстік-батыста, 24 қарашада солтүстікте күтіледі. Кезеңнің аяғында ғана оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта ауа-райы біртіндеп тұрақталады, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша жел 15-28 м/с күшейеді, 23 қарашада солтүстікте, солтүстік-батыста, 23-24 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте қатты жел 30 м/с және одан да аса болжанады, солтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде. Кезеңнің соңына қарай ауа температурасы батыста түнде 15 аяз-2 жылыдан 8 аяз-8 жылыға дейін жоғарылайды, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде 3-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 6 аяз-5 жылыға дейін төмендейді, шығыста 10 аяз-3 жылы күтіледі.