Теңіздегі су деңгейі тұрақсыз болып келеді және біртіндеп төмендей бастауда. Бүгінгі таңда теңіздің ең үлкен тереңдігі – 1025 метр. Теңіз деңгейінің ең төменгі мәні 1930 жылдары 29 метр болған. Каспий теңізі Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан. Каспий теңізінің суын бес мемлекет құрайды, оның ішінде ең ұзын жағалау сызығы Қазақстанға жатады.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізінің деңгейіне болжам жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы минус 28,00 м белгі шамасында, минус 27,69 м ең жоғары белгіге дейін көтеріліп, минус 28,24 м ең төменгі белгіге дейін төмендейді деп күтілуде.
Каспий теңізінің ортаңғы бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,92 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,47 м дейін төмендеп, минус 28,21 м белгісі шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 16-21 шілде кезеңіндегі Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі өткен аптаның болжамына сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 20 шілдедегі ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/…/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya… сайтында ұсынылған.