Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері антициклонның орнына Қазақстан аумағына Қара теңіз аудандарынан циклон келеді. Ол шығысқа қарай жылжып, 28 қарашада батыста, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді және жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Циклонның әсерін әсіресе республиканың оңтүстік аймақтарының тұрғындары сезінеді, шуақты жылы ауа-райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде, тауларда жаңбырдың соңы қарға ұласады) ауа райына ауысады және күндізгі ауа температурасы 15-24 градус жылыдан 0-12 градус жылыға дейін төмендейді.