Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК «Боровое» кешенді фондық мониторинг станциясы, Щучинск ауданы, КФМС бекетінде тіркелген көміртегі оксиді бойынша 11260 мкг/м3 (микрограмм) артуы 2,25 ШЖШ құрайтынын және мұндай шоғырлар мезгіл-мезгіл нүктелі тіркеледі, бірақ сыни еместігін хабарлайды. Денсаулыққа сыни әсер ететін жоғары ластану 10 ШЖШ және одан да көп көрсеткіш болып саналады. 10 ШЖШ және одан жоғары болған жағдайда «Қазгидромет» РМК ластану көзін анықтау және шаралар қабылдау үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін хабардар етеді.
Көміртегі оксиді бойынша ШЖШ артуының себебі пешті жағу, мониторинг станциясына жақын жерде автокөліктің пайдаланылған газдары болуы мүмкін.