2023 ж. 30 қараша – 5 желтоқсан аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 01.12.2023

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,76 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,31 м-ден 29,45 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,06 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,69 м-ден 29,57 м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2023 ж. 23 – 29 қараша аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 29,02 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 29,67 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,39 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,20 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,65 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,54 м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз