2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуі

IconЖарияланды 04.12.2023

Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі; 06 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар болжанады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 07 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз