Instagram желісінде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінен көбіктің табылғаны туралы бейне жариялануына байланысты, 2020 жылғы 24 шілдеде «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы жоспардан тыс шығып, Қарғалы өзенінің нүктесінде көпірден 0,2 км жоғары Қарғалы өзенінің суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді.
Су сапасын талдау негізгі иондар, биогенді, органикалық және бейорганикалық заттар мен ауыр металдарды қоса алғанда, 44 физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілетін болады.
Бірінші күнгі алынған судың талдау нәтижелері бойынша: судың температурасы 18,2ºC құрады, сутегі көрсеткіші 7,78, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 8,4 мг/дм3, мөлдірлігі – 21 см, иісі – 0 балл, табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ, су мөлдір.
Қазіргі уақытта ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларына физика-химиялық талдау және 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық тұтыну орындалуда, нәтижелер 2020 жылғы 28 шілдеде қосымша ұсынылатын болады.