Бүгін біз ежелгі грек тілінен аударғанда βάρος «ауырлық, салмақ» және γράφω «жазамын» деген мағынаны білдіретін, барограф атмосфералық қысымның мәнін үздіксіз жазуға арналған өзін-өзі жазатын құрылғы туралы айтамыз. Ол метеорологиялық станцияларда, сондай-ақ ұшақтар мен аэростаттарда қысымның өзгеруі бойынша биіктікті тіркеу үшін қолданылады. Іс жүзінде анероидты барографтар пайдаланылады, олардың қабылдау бөлігі бірге бекітілген бірнеше анероидты қораптардан тұрады. Атмосфералық қысым өзгерген кезде қораптар сығылады немесе созылады, соның нәтижесінде олардың қақпағы жоғары немесе төмен жылжиды. Бұл қозғалыс қаламға беріледі, ол сызылған таспада қисықты сызады.
Қазіргі уақытта «Қазгидромет» 26 барографты пайдаланады. Ал сіз метеорологиялық құралдар туралы не білесіз?