Бұған дейін хабарланғандай, Instagram желісінде Шығыс қазақстан облысы Алакөл көлінің Аралтөбе аралында үйректің өлімі туралы бейне жариялануына байланысты, 2020 жылдың 20 шілдесінде «Қазгидромет» РМК филиалының зертхана мамандары Алакөл көлінің 2 нүктесінен сынама алуды жүргізді.
Су сапасын талдау 44 физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша орындалды, оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық және бейорганикалық заттар, ауыр металдар.
Алакөл көлінің су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша: судың температурасы 27-28,6 ºС шегінде, сутегі көрсеткіші – 8,29-8,97, еріген оттегі – 7,55-7,67 мг/дм3, мөлдірлігі – 19-30 см, түсі – 9-17 градус, иісі – 0 балл, табиғи суға тән емес иіс табылмады. 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық тұтыну нәтижелері норма шегінде (1,13-2,53 мг/дм3) болды. Гидрохимиялық көрсеткіштерден шекті нормадан асып кетуі «Қабанбай ауылы» нүктесінде магний бойынша – 316 мг/дм3, хлоридтер бойынша – 748 мг/дм3, минералдану бойынша – 4946 мг/дм3 анықталды. Басты иондардың және минералдандырудың жоғары концентрациясы су айдынының табиғи аясына тән және халықтың денсаулығына қауіпті емес, өйткені Алакөл көлі тұзды ағынсыз көл болып табылады.