2023 жылдың желтоқсаны айы ауа райы оқиғаларына бай болды. Ауа райының атмосфералық құбылыстары мен температуралық "әткеншектің" себебі циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы болды.
Ай ішінде екі жылу толқыны және бір суық толқын байқалды. Жылу толқындарында әдеттен тыс жылы ауа-райы байқалды, қар және бұрқасын болды, кейбір күндері қардың жаңбырға ауысуы және көктайғақ байқалды. Суық толқын кезінде, керісінше, ауа-райы елдің солтүстігінде де, оңтүстігінде де 30-40 градустық қатты аяздармен ерекшеленді. Сондықтан желтоқсан айында ең жоғары және ең төменгі тәуліктік ауа температурасы бойынша рекордтар жаңартылды. Мәселен, 3-6 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым аумақтарында ауаның ең жоғары тәуліктік температурасы бойынша келесі қалаларда рекордтар жаңартылды: Атырау (4 желтоқсан - +11,9°С, 2012 жылғы рекорд - +10,6°С), Тараз (5 желтоқсан - +19,6°С, 2019 жылғы рекорд - +16,2°С), Шымкент (5 желтоқсан - +20,2°С, 1980 жылғы рекорд - +17,0°С), Астана (6 желтоқсан - +3,1°С, 1961 жылғы рекорд - +1,4°С), Павлодар (6 желтоқсан - +4,2°С, 1961 жылғы рекорд - +2,2°С), Өскемен (6 желтоқсан - +8,5°С, 2019 жылғы рекорд - +7,2°C) және т. б.
21-31 желтоқсан аралығында термометрлердің бағандары солтүстік аймақтарда +1+6°С, батыста +7+13°С, шығыста +3+9°С, оңтүстікте +14+21°С деңгейіне жеткен тағы бір жылу толқыны байқалды, бірқатар станцияларда рекордтар жаңартылды, мысалы 21 желтоқсанда Орал қаласында +4,5°С (2014 жылғы рекорд - +3,9°С), 25 желтоқсанда Шымкентте - +20,6°С (2017 жылғы рекорд - +18.0°С), Таразда +20,1°С (2017 жылғы рекорд жаңартылды - +16,8°С), 26 желтоқсанда Астанада - +4,8°С (1996 жылғы рекорд жаңартылды - +3,4°С) және т. б. тіркелді.
7-18 желтоқсан аралығында суық ауа массаларының енуімен және кең Сібір антициклонының әсерімен Қазақстан аумағында аязды ауа райы қалыптасты. Еліміздің басым бөлігінде термометрлердің бағаналары түнгі уақытта -30-41°С дейін (9 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы Рузаевка метеостанциясында (бұдан әрі-М) -41,2°С дейін), ҚР оңтүстік өңірлерінде -22-37°С (14 қаңтарда Жамбыл облысындағы Қаратауда -37,2°С) дейін төмендеді. Осы кезеңде бірқатар станциялардағы рекордтар жаңартылды 13 желтоқсанда Түркістан облысы Шардарада М ауа температурасы -20,0°С (1995 жылғы рекорд -15,1°С жаңартылды), 4 желтоқсанда Таразда -33,9°С (1984 жылғы рекорд -27,5°С жаңартылды) дейін төмендеді.
Температуралық фонның күрт ауытқуынан басқа, еліміздің аумақтарында қар, бұрқасын, дауылды жел, жаңбыр, көктайғақ, тұман сияқты құбылыстар жиі болды. Республиканың жекелеген өңірлерінде тәулігіне айлық нормадан асатын жауын-шашын мөлшері түсті. Мысалы, 26 желтоқсанда Қостанай облысында Қарабалық М 18 мм (айлық норма мөлшері 20 мм), 28 желтоқсанда Ақтөбе облысында Нұра М 19 мм (айлық норма мөлшері 15 мм), Ырғыз М 16 мм (айлық норма мөлшері 14 мм) жауын-шашын түсті.
Елордада ең төменгі ауа температурасы -33,2°С 12 желтоқсанда тіркелді, ең жоғары ауа температурасы 26 желтоқсанда байқалды және көрсеткіш +4,8°С болды, бұл күні 1996 жылғы рекорд жаңартылды - +3,4°С. Жауын - шашын мөлшері нормадан көп түсті 61 мм (айлық норма мөлшері 25 мм).