Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,15 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,75 м-ден 29,65 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2024 ж. 11 - 17 қаңтар аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Мұзбен жабылған Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің орташа деңгейі минус 29,17 м деңгейінде болды.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,17м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,73 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,64 м-ге сәйкес келді.