ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК AirKZ пайдаланушыларын, 2020 жылдың шілде айында мобильді қосымшаны 5000-ға жуық адам жүктеп алғандығын қуана хабарлайды
AirKZ 2018 жылы «Қазгидромет» РМК-мен әзірленді, онда 45 елді мекен мен 140 экологиялық бекеттер бойынша деректер қолжетімді, Қазақстан тұрғындары мен қонақтары еліміздің кез келген нүктесіндегі атмосфералық ауаның сапасы туралы біле алады.
Қосымшаны әзірлеу барысында біз оны барынша қарапайым және пайдалы етуге тырыстық. Мұнда көресеткіштер әр сағат сайын жаңартылып отырады. Мониторинг деректерінен басқа, AirKZ-те әр заттың сипаттамасы мен оның адам денсаулығына әсері көрсетілген. AirKZ-ті белсенді пайдаланушылардың қатарына қосылып, қандай ауамен демалатыныңызды біліңіз. AirKZ – шынай ауа сапасы туралы.