2024 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорымен бірлесіп "Digital Almaty 2024: "Х индустриясы" цифрландыру жөніндегі жыл сайынғы халықаралық форумын бастады.
Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің бас директоры Данара Әлімбаева панельдік сессияға қатысып, "Қазгидромет" РМК-нің қоныстану аймағындағы экологиялық мониторинг саласында жүргізіліп жатқан цифрландыру туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазгидрометте автоматты станциялардың көмегімен деректерді жинау жүзеге асырыла бастаған сонау 2004 жылы цифрлық технологияларды енгізу негізі қаланғанын атап өтті.
- Қазіргі таңда көптеген әртүрлі деректерді біріктіруге мүмкіндік беретін жаңа деректерді жинау технологиялары бар. Мұның бәрі, әрине, "Қазгидромет" РМК ұсынатын мониторингтік деректер мен қызметтердің сенімділігін арттыруға әкеледі, сондай-ақ қоршаған ортадағы өзгерістерге жедел ден қою мүмкіндігі пайда болады. Цифрлық технологиялар қарқынды дамып келеді және мониторинг сапасы үнемі жетілуде. Сондықтан Қазгидрометте қоршаған ортаны мониторингілеу тәсілдемесінің неғұрлым тиімді болуы үшін жағдай жасала отырып, цифрлық трансформациялау жалғасатын болады - деп атап өтті Д.Әлімбаева.