Қостанайдағы нөсер жаңбыр мен су басқан көшелер туралы БАҚ-та таралған хабарламаларға байланысты, «Қазгидромет» РМК еліміздің солтүстік, батыс және шығыс қалаларының көпшілігі бойынша күн күркіреп, дауылды жел соғатыны туралы алдын ала дауылды ескерту таратылғандығын, сондай-ақ ауа райы болжамында өткінші жауын-шашын күтілгендігін хабарлайды. Бүгінгі күні, қысқа мерзімді болжамдардың ықтималдылығы 3-тен 7 тәулікке дейін 92-96%-ға тең.
Атап айтқанда, өткен күндері өткінші жауын-шашын бойынша СМС таратуларда 25 шілдеде Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі деп хабарланды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ.: Күндіз 25 шілдеде кейде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. 26 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
«Қазгидромет» РМК халықты абай болуды, мүмкіндігінше үйде қалуды және дауылды ескерту хабарланған жағдайда ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ұсынымдарын орындауды сұрайды.