Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,17 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,69 м-ден 29,69 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2024 ж. 25 - 31 қаңтар аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 29,17 м-ге тең.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,17 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,66 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,63 м-ге сәйкес келді.