Алдағы күндері Қазақстан кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерін сезінетін болады. Бұлтты және желді ауа-райы күтілуде, еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік аймақтарда қатты қар, бұрқасын болады деп болжануда, сонымен қатар циклон ауа температурасында қысқа мерзімді жылынуды әкеледі, бұл аяздың күрт төмендеуімен алмасады.
Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.