2024 жылғы 14 ақпанда Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері Француз даму агенттігінің ("AFD") делегациясымен кездесті.
Кездесудің мақсаты - су секторындағы ынтымақтастық жобаларын анықтау болды. «AFD» мамандары «Қазгидромет» РМК жұмысымен және қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, халық үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі деңгейін нақтылады.
Келіссөздердің соңында француз тарапының өкілдері алдағы кездесулердің бірлескен қызметтің болашақ жобаларын нақтылауға бағытталатынына сенім білдірді.