«Astana Garden School» мектебінің оқушылары Қазгидрометке келді

IconЖарияланды 19.02.2024

Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі оқушылар мен студенттер үшін әрдайым экскурсиялар өткізіп отырады. 2022 жылы «Қазгидромет» РМК-де оның қызметінің қалыптасу және даму тарихы мұражайы ашылды.

Оқушылар Қазгидрометтің экспонаттарымен, фотосуреттерімен, тарихымен және заманауи қызметімен танысады.

Міне, бүгін елордалық «Astana Garden School» мектебінің бүлдіршіндері келді. Оларға тарихи аспаптар, құжаттар, метеостанциялардың макеттері көрсетіліп, Гидрометорталыққа экскурсия жүргізілді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз