2024 жылдың ақпан айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 26.02.2024

Ақпанның екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік бидай себілген аудандарында тұрақсыз ауа-райы орын алған, ауа температурасының ауытқуы 1...4ºС жоғарылап және минус 5°С дейін төмендеген, оңтүстік-шығыста жауын-шашын көбінесе нормаға жуық және нормадан көп, ал оңтүстікте нормадан аз болған.

Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 1-3 күн бойы болған қарқынды жылымық күндізгі оң және түнгі теріс ауа температурасының минус 7...14ºС дейін және оңтүстік-шығыста минус 14...23ºС дейін, кей жерлерде минус 28...30ºС дейін ауысуы, нашар дамыған күздік бидай егістіктері үшін қауіпті болуы мүмкін (даму кезеңі: көктеу - 3-ші жапырақ).

Алматы, Жетісу облыстарының күздік бидай себілген аудандарында қар жамылғысының биіктігі 6-15 см-ден 17-28 см дейін болған, бұл өсімдіктерге қорғаныш әсерін тигізген. Қырғызсай және Талдықорған метеостанцияларының маңайларында қар жамылғысының биіктігі 6-8 см болған, бұл өсімдіктердің қысқы төзімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.

Шымкент метеостанциясының маңайында онкүндіктің басында вегетацияның қайтадан өсіп-өнуі байқалса, ол онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуіне байланысты вегетация аяқталған.

Алматы және Жетісу облыстарында топырақтың қату тереңдігі 34 см-ден 43 см дейін, Жамбыл және Түркістан облыстарында 5 см-ден 12 см дейін болған.

Күздік бидайдың түптену тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 4...8°С болған.

Өсімдіктердің қыстауына көбінесе қанағаттанарлық жағдай болған.

Онкүндіктің соңында көптеген аудандарда жайылымдар бірқалыпты тапталған, Алматы облысында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Бұлдұрта, Тайпақ станциялары), Қарағанды облысында (Бектауата станциясы) жайылымдар қатты тапталған.

Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында шымның қатқақ болуы байқалған, дымқыл шым Маңғыстау облысындағы кейбір жайылымдарда, құрғақ шым Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарындағы жайылымдарда байқалған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз