05-06 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.
07 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағанда. Қазақстан бойынша тұман күтілуде.
Температуралық фонға келетін болсақ, аздаған жоғарылуы күтілуде және термометрлердің бағандары 07 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 аязға, оңтүстікте 5-15 жылыға жетеді.