Ақпанның үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік бидай өсірілетін аудандарында әдеттегіден суық ауа-райы орын алған, ауа температурасының аномалиясы минус 3...7°C дейін төмендеген, жауын-шашын нормадан аз, тек оңтүстіктің жеке аудандарында нормаға жуық болған.
Оңтүстік-шығыста тегіс 1-4 күн бойы, оңтүстікте 2-7 күн бойы жылымық болған. Күндізгі оң және түнгі теріс ауа температурасы минус 12...14ºС дейін және оңтүстік-шығыста минус 7...15ºС дейін, кей жерлерде минус 27...28ºС дейін ауысқан кезде өткен қарқынды жылымық, нашар дамыған күздік бидай үшін қауіпті болуы мүмкін (даму кезеңі: көктеу - 3-ші жапырақ).
Алматы, Жетісу облыстарының күздік дақылдар өсірілетін аудандарында ауаның орташа онкүндік температурасының 5...8ºС төмендеуі, қар жамылғысы биіктігінің 2-9 см 13-26 см дейін болуы, бұл өсімдіктерге қорғаныш болған. Күн суытқан кезеңде қар жамылғысының биіктігі 10 см төмен болған Жетісу облысының жеке аудандарында топырақ бетінің минималды температурасының минус 28°С дейін төмендеуі, бұл күздік дәнді дақылдар үшін қауіпті болған және олардың әртүрлі дәрежеде зақымдануына әкелуі мүмкін.
Онкүндікте жауын-шашын мөлшері 5-11 мм, топырақтың қату тереңдігі 43-64 см болған. Күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 5...8°С болған.
Жамбыл және Түркістан облыстарында ауаның орташа онкүндік температурасы 5...8ºС төмен болған, онкүндіктің соңғы күнінде қар жамылғысы 1-3 см 9 см дейін жеткен, кей жерлерде болмаған, бұл ауа температурасы төмендеген кезде дақылдардың қыстау жағдайларына әсер етуі мүмкін.
Онкүндікте жауған жауын-шашын мөлшері 5-10 мм құраған, бұл нормадан төмен, кейбір аудандарда шамамен 18-22 мм. Топырақтың қату тереңдігі 2 см 17 см дейін болған. Күздік бидайдың түптену түйінінің тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 3°С болған.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың басым аумағында күздік бидайдың қыстауы үшін қанағаттанарлық агрометеорологиялық жағдайлар болған.
Онкүндіктің соңында көптеген аудандарда жайылымдар бірқалыпты тапталған, қатты тапталған жайылымдар Алматы облысында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Бұлдұрта, Тайпақ станциялары), Қарағанды облысында (Бектауата станциясы) орын алған.
Жайылымдық мал шаруашылығының басым аумағында шым қатқақ болған, дымқыл және құрғақ шым Маңғыстау және Атырау облыстарының кейбір жайылымдарында байқалған.