Кәсіби мерекеге орай марапаттау

IconЖарияланды 20.03.2024

Дүниежүзілік метеорологиялық күнге орай Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев «Қазгидромет» РМК қызметкерлерін марапаттады.

Гидрометеорология және экология саласындағы еңбегі үшін
«Қазгидромет» РМК жер үсті бақылау желісінің үздік мамандары - Неумывако Ольга Васильевна, Байжанов Әділбек Хамитұлы, Портянкина Вера Дмитриевна, Сұлтанходжаев Хикматилла Файзуллаұлы, Өмірбекова Жанат Берікқызы, Бертілеуова Қамқа Амангелдіқызы, Сабырбаев Еркебұлан Жолдыбайұлы «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өңірлік филиалдарының жүзден астам маманы «Қазгидромет» РМК Бас директоры Д.Әлімбаеваның құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

«Қазгидромет» РМК ұжымы әріптестерін Дүниежүзілік метеорологиялық күнмен және Наурыз мерекесімен құттықтайды. Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз