Наурыздың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарында ауа-райы әдеттегіден суық, ауа температурасының ауытқуы минус 1...6°С дейін төмендеген, жауын-шашын нормадан аз, тек оңтүстіктің жеке аудандарында нормаға жуық болған.
Онкүндіктің соңында Түркістан облысында оң ауа температурасы аясында күздік бидай мен жоңышқа вегетациясының қайта басталуы байқалған. Күздік бидай мен жоңышқа дақылдарының жай-күйі көбінесе жақсы, Шымкент станциясының маңайында қанағаттанарлық. Бидайдың биіктігі 7 см жетеді, 1 м2 өсімдіктердің орташа саны 239 дана.
Оңтүстік-шығыста күздік бидайдың түптену түйінінің (3см) тереңдігінде топырақтың минималды температурасы минус 7°С болған.
Күздік бидайдың қыстауына агрометеорологиялық жағдайлар қанағаттанарлық болған.
Онкүндіктің соңында жайылымдардың басым бөлігі қалыпты тапталған, Алматы облысында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Бұлдұрт, Тайпақ станциялары), Қарағанды облысында (Бектауата станциясы) жайылымдар қатты тапталған, Қызылорда облысында (Злиха станциясы) жайылымдар әлсіз тапталған.
Жайылымдардың басым бөлігінде шымның дымқыл болуы байқалған, қатқақ шым көбінесе Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды және Қостанай облыстарының кейбір жайылымдарында, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде құрғақ шым байқалған.