2024 ж. 28 наурыз – 2 сәуір аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 29.03.2024

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,08 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,59 м-ден 29,52 м-ге дейін болады деп күтілуде.

*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2024 ж. 21 – 27 наурыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 29,12 м-ге тең.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,12 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,66 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,60 м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз