Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 36%-ды құрайды.
Синоптикалық болжамға сәйкес, 2024 жылғы 30 наурыз-05 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын басым жаңбыр түрінде күтіледі, тек аптаның басында республиканың басым бөлігінде түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ауысады. Қатты жауын-шашын 30 наурызда ҚР-ның оңтүстігінде (Түркістан облысы), 30-31 наурызда оңтүстік-шығысында (Алматы, Жетісу облыстары), 03 сәуірде шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) күтіледі. Аптаның ортасында республиканың батысында, аптаның соңында республиканың солтүстік жартысында және Абай облысында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі.
Аптаның басында ҚР басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі болжанады: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде 2-10 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз – 5 градус жылыға дейін, содан кейін түнде 0-5 жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыға дейін жоғарылайды, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз – 3 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді, содан кейін түнде 0-8 градус жылыға дейін, күндіз 13-23 градус жылыға дейін жоғарылауы болжанады (3 қосымша).
Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.