2020 жылғы 29 шілде – 3 тамызға арналған Каспий теңізі деңгейінің болжамы

IconЖарияланды 30.07.2020

Каспий теңізіне 130-дан астам өзен құяды, олардың ішіндегі ең үлкені – Еділ өзені. Алайда, оның сулары да ширек ғасырда толығымен орын алатын теңіздегі суды толығымен жаңарту үшін жеткіліксіз.

«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізінің деңгейіне болжам жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы минус 27,96 м белгі шамасында, минус 27,63 м ең жоғары белгіге дейін көтеріліп, минус 28,40 м ең төменгі белгіге дейін төмендейді деп күтілуде.

Каспий теңізінің ортаңғы бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,72 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,49 м дейін төмендеп, минус 28,11 м белгі шамасында болады деп күтіледі.

2020 жылғы 22-28 шілде кезеңіндегі Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі өткен аптаның болжамына сәйкес келеді.

Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 27 шілдедегі ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.

Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kk/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз